Шымкенттің хайуанаттар бағы қысқа дайын

730
Зообақта мыңнан астам жануар бар

Шымкент зообағының аң-құстары қыс маусымына өтті. Енді оларға дербес жылыту қазандығы жылу беретін болады. Бұл жөнінде «Шымкент зообағы» мекемесінің директоры Нұрғазы Бұхарбаев мәлімдеді. Маманның айтуынша, ішкі торға Қызыл кітапқа енген құстар кіргізіліпті. Оның ішінде африкалық түйеқұстар мен тырналар бар.

Зообақта мыңнан астам жануар бар
Зообақ жануарлары

Ал хайуанаттар бағының сырттағы торында түйе, арқар, пржевальский жылқылары қалды. Қара суыққа төтеп беретін жануарлар үшін қысқы жем-шөп те әзірленіп қойған. Айта кетейік, бүгінде Шымкент зообағында 2000 аң-құс бар. Оның 300-і қанаттылар болса, 20-сы Қызыл кітапқа енген.