Шымкенттің көшелерінде құжатсыз көлік көп

240

Шымкентте тіркелген алпыстан астам көліктің құжаты жалған болып шықты. Бұл оқиға Оңтүстік аумағының мемлекеттік нөмірімен жүрген көлікті Тараз қаласында тоқтатылғаннан кейін басталған.

Темір тұлпардың құжатын электронды база арқылы тексерген тәртіп сақшылары онда шикілік барын анықтаған. Осы мәселе бойынша өңірдегі әкімшілік полицияға қарасты тіркеу-емтихан бөліміне тексеріс жүргізген кезде 62 автоның техникалық құжаты жалған болып шыққан. Және ол көліктің біразы қазақстанның әр аумағына сатылып та кеткен. Бұл оқиғадан соң бірнеше шенді қызметкер жұмыстан қуылыпты.

 

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы: » Желтоқсан айында 2013 жылы бірнеші лауазымды тұлғалар орындарынан босатылды. Оның ішінде ІІД бастығының орынбасары, әкімшілік полиция басқармасының бастығының орынбасры. Ал тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы ауруханада жатыр. Ол жұмысқа кіріскен кезде оған да шара қолданылады. Екі- үш тіркеу-емтихан бөлімінің қызметкерлері орындарынан босатылды».