Жылжымайтын мүлікті енді халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеуге болады

599

Жаңа жылдан бастап халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа қызмет түрін ұсынуды бастады. Енгізілген өзгеріске сәйкес жылжымайтын мүлікке құжатты рәсімдеу және мүлікті тіркеу қызметтері де көрсетіледі. Бір айта кетерлігі, бұл қызметтер әдеттегідей тегін емес, ақылы.

004

Халыққа қызмет көрсету орталығында енді жылжымайтын мүлікті тіреуге болады. Жылдың басынан бастап енгізілген өзгеріске сәйкес бұдан бөлек тағы да бірінші және екінші деңгейдегі банк қызметтері, нотариалды қызмет, акт қабылдау және кепілден босату және қою, куәләндыру, техникалық құжатты беру сынды қызмет түрі қосылған. Жаңа қызмет түрін пайдалану үшін жеке тұлғамен арнайы келісім-шарт түзеледі. Одан кейін ақысы төленеді – 22 мың теңге.

Жаңадан енгізілген өзгерісті кез келген халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Ол үшін жеке куәлігіңіз қажет. Ал қызмет ақысы алдына ала белгіленген тарифке байланысты болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=x9mYeB2xR04[/youtube]

Жыл басынан бері жаңадан қосылған қызмет түрін пайдаланушылардың қатары әзірге аз. Өйткені халыққа қызмет көрсету ортталығында енді ұсынылып жатқан он екі қызмет түрін тұрғындардың бірі білсе, бірі білмейді. Дегенмен, мамандар орталықтағы жаңалықты халық жатырқамай қабылдар деп сенеді.