Төлеби ауданында екі учаскелік полиция бекеті іске қосылды. Оның ашылу рәсіміне Ішкі істер вице-министрі, қаржы полициясының генерал-майоры Ерлік Кенебаевтың өзі қатысты. Тірек бекеттері аудан орталығынан жырақта орналасқан ауылдардан ашылып отыр. Енді ауыл-аймақтардағы қылмыспен күрес күшейе түседі,- деп үміттеніп қалды тұрғындар. Ғимараты жекеменшіктен сатып алынған қос полиция бекетін жабдықтау жұмысына облыстық бюджеттен 11 миллион теңге бөлінген.
Жанша Атылбаев, Қасқасу ауылының тұрғыны: «Мұндай полиция бекеті бізге бұрыннан бері керек еді. Бұрындары кейбір мәселелерді шешу үшін ауыл жұрты аудан орталығына немесе Шымкентке сапар шегетін еді. Енді жаңадан ашылған бекетте бар мәселеміз шешіледі деген үміттеміз. Қолайлы жұмыстың арқасында ауылда мал ұрлығы сынды азды-көпті қылмыстар саны азаятын шығар».
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Nr2ig3nR6vI[/youtube]