2014 жыл, өкінішке орай, жол апатынан басталды. 1-қаңтарға қараған түні сағат таңғы 4:30-дар шамасында полицияның кезекші бөліміне Адырбеков көшесінің бойынан суыт хабар түседі. Мұнда ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, ВАЗ және Тойота көліктері соғысқан. Қатты соққының салдарынан Жигулидің тас-талқаны шықты. Шетелдік көлік те оңбай бүлінген.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=31M7-ocyvN0[/youtube]
Оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері тез жетті. Алдын ала болжамға сәйкес, жүргізушілер аман. Бірақ, қатты жарақаттанған болуы мүмкін. Оларға оқиға орнында шұғыл көмек көрсетілді. Күшті соққыдан екі көлік жолдың екі бетіне ұшып кеткен. Қазір оқиғаның себеп-салдарын жол-патрульдік полицияның мамандары анықтап жатыр.
Ал 2-қаңтар күні қаланың қақ ортасында кезекті жол апаты орын алды. Бұл жолы Ауди көлігі көпірдің үстінен шығып кетіп, Қошқарата өзеніне аударылып қалды. Абырой болғанда жүргізушілер мен жолаушылар қатты жарақаттанған жоқ. Сыртқа өздері шығып үлгерген.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=aBPMYDkKuJQ[/youtube]