Шымкенттіктер Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлады (фоторепортаж)

әл-Фараби атындағы орталық алаңға жиналған халықтың қарасы қалың. Алдымен «Достық мекені» тақырыбында қойылған  қолөнер көрмесін тамашалап, «Ынтымақ ауылында» этномәдени орталықтар жайған бірлік дастарханынан дәм татты көпшілігі.  Облыс әкімі Асқар Мырзахметов  сан ұлтқа ортақ мерекемен құттықтап, жиырма этномәдени орталыққа «Бауырмал» грантын табыс етті.  Әр ұлт өздерінің ұлттық билері мен әндерін тарту етіп, қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл күй сыйлады. Мереке құтты болсын! Бірлігіміз бекем болсын!