Шымкентте теміржол вокзалына «мина қойылған» деп хабарлаған жалған терроршы сотталды. Оның ісі Әл Фараби аудандық сотында қаралған болатын.
Арада бір аптадан астам уақыт өткенде телефонмен әзілдеген жігіт ұсталды. Ол – Өзбекстан азаматы болып шыққан. Сол уақыттан бері жүргізілген тергеу ісі аяқталып, сотқа жолданады. Айта керу керек, ұсталған жігіт өзінің кінәсін бірден мойындады. Сонымен, сот айыпталушыны 3 жылға жалпы режимдегі абақтыға жабу жазасына кесті.