Шымкентте пара алған дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты

372

Шымкентте ИЧ 167/2 қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінің дәрігерлері мен №6 Медициналық-әлеуметтік сараптама орталығының басшысы сотталды.

Еске салайық, 2019 жылдың сәуір айында қауіпсіздігі барынша жоғары ИЧ 167/2 түзету мекемесіндегі медицина бөлімінің басшысы Нұртаза Қалымбетов сонда жазасын өтеп жүрген науқас азаматтан мүгедектік бойынша құжат рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Бірақ, бұл үшін 150 мың теңге сұрапты. Сонымен, сәуір айында науқас медициналық-әлеуметтік тексеруден өтіп, 3-топтағы мүгедек дәрежесін алады. Араға күн салып, сыбайлас жемқорылыққа қарсы қызмет өкілдері түрменің фтизатр-дәрігері Тимур Бектемірді сотталғанның туыстарнан ақшаны алып кеткенде ұстаған.

Соңынан, колониядағы медициналық бөлімнің басшысы Нұртаза Қалымбетов пен сол қаржыны талап еткен №6 Медицинадық-әлеуметтік сараптамасының басшысы Дәулет Шегелов те тұтқындалды. Үкім қаладағы Әл-Фараби аудандық сотында оқылды.

Мадияр Әбдірәсілов

Мадияр Әбдірәсілов, әл Фараби аудандық сотының судьясы: «Дәулет Шегеловқа  мемлекеттік қызметті атқаруда өкілетті тұлға ретінде өзінің пайдасы үшін елеулі мөлшерде – 150 мың теңге пара алды деген айып тағылып, ол ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сот шешімен, оған параның 30 еселенген мөлшерінде 4,30 (төрт жарым) миллион теңге айыппұл төлеу үкімі кесілді. Сондай-ақ, Н.Е. Қалымбетов елеулі мөлшерде пара беруге жәрдемдесуші ретінде ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлігімен және 28-баптың 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған параның 20 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Одан басқа ол арнайы полиция аға лейтенанты шенінен айырылды. Ал Т.Қ. Бектемірдің қылмыстық әрекеті қайта дәрежеленді, оның ісі ҚР ҚК 668-бабы 1-бөлігімен пара беруде делдалдық ретінде сараланып, ол осы баппен кінәлі деп танылды. Оған пара соммасының 5 еселенген мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалып, 750 мың теңгені мемлекетке қайтаруға міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне еніп, олар мемлекеттік мекемелерде лауазымды қызметтерді, судьялық қызметтерді атқаруға, құқық қорғау органдары мен Ұлттық банк, оның филиалдарында еңбек етуге өмір бойына айырылды. Қазіргі уақытта сотталғандармен белгіленген жазалар толық орындалды».

Мөлдір Бекеева