Өңірімізге француз елінен бір топ делегация келді. Қазақстандағы Францияның елшісі Франсис Этьеннв бастап келген топ, облыс басшысы Асқар Мырзахметовпен кездесті.
Екі жақты кездесу барысында өзара келісімге келіп, инвестиция тарту көзделді. Делегация түстен кейін Шырайлы шымқаланы аралап, ОҚМУ-дың ұжымымен кездесті. Мұнда француз тілін меңгерген студенттер мен оқытушыларға алғыс айтып, әңгіме дүкен құрды.