Қазығұртта лимон жайқалып тұр

474

Тұрбат ауылының тұрғыны Ілияс Сайтов 2009 жылы 15 соттық жерді жалға алып, алғашқы жылы жайын тұрғызған. Арада 5 жыл өтіп, мұндағы егіс көлемі 3 гектардан асып отыр. Қазір кәсіпкердің қарамағында 40 кісі жұмыс істейді. Бүгінде шаруа қожалығы дихандары 100 мың түп қызанақ егіп, әр көшеттен 3,5-4 келіден өнім алғандарын айтады.

20140722_091521

Ілияс Сайтов, «Сейдахмет ата» шаруа қожалығының төрағасы: «Қазір жағдай жаман емес. Қарамағымдағы 10 адам «Жұмыспен қамту — 2020″ бағдарламасы бойынша келген, ол да көмек болып жатыр маған. Жақсы істейтіндердің айлығын көбейтемін. Олар өздері жақсы істеуге талпынып жатыр. Ал субсидиядан екі реттен бес миллионнан, жылына он миллион теңге ақша аламын жылына. Сол бізге көмек боп жатыр.»

20140722_091556

20140722_091551

Шаруа қожалығы қазір 6 соттық жерге 500 түп лимон көшетін отырғызып, өткен жылдан бері өнімін теруде екен. Кәсіпкердің ендігі мақсаты — жылыжай көлемін 6 гектарға жеткізу. Егер жоспары жүзеге асып жатса, мұндағы жұмысшылардың саны 55 адамға жетпек.

20140722_091516

Шалатай Мырзахметов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты: «Сіз енді өз өңдірісіңізді арттырып келесіз. Енді жылыжайдың көлемін 6 гектарға толығымен жеткізсеңіз, сосын ары қарай машина да, үй де, там да — бәрі болады. Бірде күйесің, бірде жүресің. Жаңағыдай, мүмкіндігіңше өзің ары қарай адымдай бер.»

20140722_092421

Болашақта Ілияс мал бордақылаумен айналысуды жоспарлауда. Қазір қора-қопсығын дайындап жатыр. Алла жазса, «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасымен бұл мақсатына да қол жеткізем деп отыр.