Жаңалықтар 

Жас тілшілер марапатталды

Әріптестеріміз құрметке бөленіп жатыр. Жорналшылар мерекесі аясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшылығы мен облыстық «Жастар орталығы» мекемесі де БАҚ өкілдерін марапаттады. «Машат» тауының шатқалында өткен шараға арнамыздың жас тілшілері Мөлдір Бекеева мен Ғалымжан Кенжебек те қатысып, арнайы алғыс хатқа ие болды.  Одан соң, мерекелік кештің ұйымдастырушылары төртінші билік өкілдерінің құрметіне арнап, жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламасын ұсынды.  Ғалымжан Кенжебек, тілші: «Жастармен бірлесе жұмыс жасау мен үшін қызық әрі үлкен тәжірибе дер едім. Еңбегімізді елеп, марапаттар жатыр. Рахмет! Алдағы күндері де жастардың жетістігі мен олардың тыныс-тіршілігін «Отырар» арнасы арқылы көпшілікті…

Read More
Жаңалықтар 

«Қазақтелеком» АҚ 20 жылдық мерейтойын тойлады

«Қазақтелеком» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық бөліміне биыл — 20 жыл. Мерекелік шара аясында байланыс қызметкерлері ерекше құрметке бөленіп, алғыс хаттармен марапатталды. Ұжымның мерейтойына біз де арнайы барып, құттықтап қайтқан болатынбыз.  Ақ тілек-құттықтаулар, құшаққа толған гүл шоқтары, құрмет-марапаттаулар. Мұндай мерекелік тартулардың барлығы да «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметкерлеріне арналды. Мекеменің 20 жылдық құрметіне орай, байланыс қызметкерлерімен қатар, ұжымда 20 жыл қызмет еткен еңбеккерлер және ардагерлері марапатталды.   Наркүл Жайсапарова, «Қазақтелеком» АҚ ОҚОФ ардагерлер кеңесінің төрайымы:»Бізді бастықтар шақырып марапаттап жатыр, оған біз өте қуаныштымыз. Мекеменің менен бөлек, 242 ардагері бар. Бәрімізді де ардақтап, әрдайым осылай құрметке…

Read More
Жаңалықтар 

Облыстық мәдениет фестивалін Шаянның өнерпаздары қорытындылады

«Шәмші әлемі» аллеясында 2 ай бойы өткен «Мәдениетім мерейім» ауданаралық фестивалі аяқталды.  Биыл 3-рет ұйымдастырылған фестивалға облысымыздың аудан, қалаларының мәдениет күндерін Бәйдібектік өнерпаздары қортындылады.  Мерекелік кеш, вальс падишасы Шәмші Қалдаяқовтың рухына тағзым етуден бастау алды. Концерттік бағдарлама үкілі қыздар мен бөрікті жігіттердің айтысымен жалғасып, қасиетті оразаның жарапазаны айтылды. М. Әуезовтың «Шаян барсаң әншімін деме» дегеніндей, айтулы мерекеге мекендерінің мерейін асыруы үшін сән-салататы жарасқан 200 тарта өнерпаз келіпті. Ерғали Есмырзаев, Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің бастығы: «Бүгінгі мерекелік кеште аудан өнерпаздары ұмыт қалған әндерді орындайды. Тіпті аудан композиторларының бірқатар…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстік дихандары Елордада өнімдерін саудалауда

Ауылшаруашылығы өнімдерін тиеп, Астанаға аттанған Оңтүстіктің керуені діттеген жерге жетті. Онда Астананың орталық алаңына жайғасып, базар бағасынан әлдеқайда төмен бағамен азық-түлік, көкөністерді саудалады. Жәрмеңкеге астаналықтар көптеп жиналды. Қызанақ, қияр, болгар бұрышы, картоп — мұнда осының бәрі бар. Астана жұрты таңмен таласа қырыққабатты қаптап, қара өрік пен шиені жәшігімен әкетіп жатыр. Тіпті еліміздің оңтүстігінде ғана өсірілетін күркетауық еті де жәрмеңкеден табылды. Шырайлы өңірден елордаға 200 тоннадан астам көкөніс, бақша өнімдері жеткізілді. Жалпы мұндағы баға қала нарығынан 25 пайызға арзан. Биылғы өнімін алып үлгерген өңірден 53 тонна көкөніс, 8 тонна жидек, 75…

Read More
Жаңалықтар 

Жасырын казинолар анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бірнеше ойын мекемесінің жұмысын тоқтатты. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Қарақұрт» арнайы жедел іздестіру іс-шарасын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Сайрам ауданының орталығы — Ақсукент ауылындағы дүкендердің бірінен заңсыз ойын залы табылды. Бөлменің ішін тінту кезінде полиция қызметкерлері 17 ойын автоматын тапты. 28 жастағы жергілікті тұрғынның қалтасынан 3 кілт пен 12 мың теңге тәркіленіп алынды. Арада бірнеше күн өткенде тәртіп сақшылары Қарабұлақ ауылынан тағы бір заңсыз ойынхананың жолын кесті. Көңіл көтеретін мекемелердің бірінен 15 ойын автоматы табылған. Сонымен қатар 23 жастағы оператордан 16 ойын автоматының кілті мен…

Read More
Оқыс оқиға 

Қарт әжей өзіне өзі қол жұмсамақ болды (видео)

Таяуда полиция қызметкерлері төтенше жағдайға тап болды. Тәртіп сақшыларына адам өмірін келеңсіз жағдайдан арашалап қалуға тура келді. Бұл оқиға түн ішінде орын алды. Қабанбай батыр даңғылындағы үйлердің бірінің тұрғыны полиция қызметкерлері хабарласады. Айтуынша, көрші пәтердегі қарт әжей пәтерінің есігін іштеп іліп алып, ешкімге ашпай отыр. Мұнысымен қоймай үйдің ішіне табиғи газ жіберіп, жарамын деп қорқытыпты. Полиция қызметкерлері дереу құтқарушылар мен газ таратушы мамандарға хабар береді. Арада бірнеше минут өткен соң құтқарушылар мен газ саласының мамандары келді. Полиция қызметкерлері есікті қаққанымен, іштен ешкім жауап бермеді. Сондықтан, құтқарушылар есікті бұзып ашуға кірісті.…

Read More