Қарақұрттан сақ болыңыз!

Сақ болыңыз, қарақұрт қаптап барады! Жазбасталғалы токсикологияның қабылдау бөліміне 30 адамды қарақұрт, 6 адамды жылан, 3 науқасты қызыл ара шағып түсіпті. Қарақұртқа тап болғандардың арасында жүкті әйелдер де бар. Бақытқа орай, улы жәндіктердің кесірінен жазым болғандар жоқ.

қарақұртМамандардың сөзінше, улы жәндіктердің уысына түсіп қалу мен ошақтың түтініне тұншығып қалу сияқты фактілер — маусымдық жағдай. Яғни, бұл кенеттен келген кесапатқа байланысты. Есесіне, ауруханаға алкогольдік өнімдерге уланып түсетіндер жыл бойы тоқтамайды екен. Қаңтардан бері мұнда ішімдіктің кесірінен 312 адам түссе, соның 6-уы көз жұмыпты.

Жұқпалы аурулар ауруханасында «ауруы астан» келгендер де көп. Мұнда тәулігіне 15-20 адам жеген тағамынан уланып түседі екен. Сондықтан, мамандар келесідей кеңес береді.

Гүлнар Исабаева, жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі: «Ең бірінші, жедел инфекцияның алдын алу профилактикасы — бұл жеке бас гигиенасын сақтау. Демек, қолды жуу, базардан, дүкеннен алып келген көкөністерді ағып тұрған судың астында жақсылап жуып, одан кейін ғана қолдану керек.»

Улану мен күйіп қалу жағдайларын өткен жылмен салыстырсақ, айтарлықтай айырма жоқ дейді ақ желеңділер. Тек бір қуантарлығы, өткен жылдармен салыстырғанда ішімдіктің кесірінен токсикологияға келетіндер азайыпты.

Нитрат қоспалары бойынша да қауын-қарбыздан көз жұмғандар биылдыққа тіркелмеген. Яғни, «сақтансаңыз ғана сақтайтынын» әрбір жан ұмытпаса, «арба да сынбайды, өгіз де өлмейді» деп кеңес береді мамандар.