Қарилар Құран оқудан жарысты

677

Бүгін күні бойы облыстың қарилары қасиетті Құранды оқып, сайысқа түсуде. Қадыр түнінде алғашқы аяттары түскен Құран оқу жарысы қалалық Әл- Біләл атындағы мешітте өтіп жатыр.

005

Оған жасы 7-ден 25-ке дейінгі 60-қа жуық ер-азамат қатысты. Өңіріміздің барлық мешіттері мен медреселерден келген шәкірттер сайысты үлкен мерекеге балап, барын салды.

Жетісайлық 8 жасар Шыңғыс Рахман — Құран оқу жарысына қатысушы үміткерлердің ең кішкентайы. Жасөспірім болашақта қари болғысы келеді. Ол мұндай жарысқа алғаш рет қатысып отырғанымен, өзі үшін қиын болмағанын айтады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BMDUgjLu3D4[/youtube]

Шыңғыс Рахман: «Менің әкем — молда. Мен де болашақта молда болғым келеді. Ол үшін мен тынбай Құран оқыймын.»