Тағы бір шенеунік пара алып, тұтылды. Бұл жолы жер инспекциясының бастығы қолға түсіп отыр. Бұл туралы қаржы полициясының мамандары хабарлады.
2014 жылдың 11-шілдесі күні өңіраралық жер инспекциясының бастығы Ө. ұсталды. Оны қолға түсірген қаржы полицейлерінің айтуынша, шенеунік жер учаскесіне қатысты сот ісіне ықпал ету үшін ірі көлемде пара алмақ болған. Бұл сыйақысын лауазымды тұлға қаладағы базарлардың бірінің құрылтайшысының көмекшісі арқылы алыпты. Параның көлемі — 4 миллион теңгеге жуық.
[youtube]www.youtube.com/watch?v=TX4fUCV4og4[/youtube]