Бүгіннен бастап облыс аумағында жол-патрульдік полициясының сақшыларының ұйымдастыруымен «Мас жүргізуші — қылмыскер» шарасы өткізіледі. Рейд тексеру 27-шілдеге дейін жалғасады.
Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, мас халде техникалық құралдарын басқару кезінде орын алатын құқықбұзушылықтың жолын кесу және алдын алу.
Шара аясында жол-патрульдік полициясының және басқа дербес құрылымдарының, оның ішінде міндетті түрде учаскелік полиция инспекторларының жеке құрамы күшейтілген режимде кезекшілікте жұмыс атқарып, көлік құралын масаң күйінде басқарған жүргізушілерді анықтауға жұмылдырылады.
Мәліметтерге сүйенсек, жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері алкогольдік ішімдік ішіп, көлік басқарған 733 азаматтың үстінен әкімшілік хаттама толтырған. Соның ішінде 722 жүргізуші сот тәртібімен жүргізу куәлігінен айрылып отыр.