Абай ауданы бойынша арнайы құрылған комиссия жаңартылған 24 ауланы қолданысқа қабылдауды бастады. Өткен аптада мамандар барлық ауланы аралап шығып, атқарылған жұмыс бойынша кемшіліктерді мердігерлерге ескерткен.
Аудандағы 24 ауланы абаттандыруға 8 мердігер ат салысты. Осы мақсатқа бөлінген қаражат толығымен игеріліп, құрылысы аяқталған 12 алаңша қолданысқа қабылданды. Биыл мердігерлерге қойылған басты таларп- ойын элементерінің бәрі бекітілген стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Тіпті авторлық қадағалау мекемесінің мамандары әр элементің пішініне, боялған сырына дейін бақылайды. Бір өкініштісі құрылыс барысында сол талаптар өзгерістерге ұшыраған. Яғни кейбір мердігерлер өзімбілермендікке салған.
Ал мердігерлер болса, мұның барлығы тұрғындардың өтініштеріне байланысты өзгертілгенін алға тартты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=L72Q3WxubdA[/youtube]
Абай ауданы биыл 66 ауланы абатандыруға жобалық сметалық құжатын дайындағын, алайда қаражат 24 нысанға 300 миллион теңге бөлінген. Нәтижесінде аудандағы аулалар 88 пайызға жаңартылды.
Ауладағы ойын алаңшаларынан бөлек биыл 80 миллион теңге 23 спорт алаңшасына бөлінген. Оның құрылысымен 11 мердігер мекеме айналысып жатыр. Биылғы басымдық қалаға үш ауданан қосылған елді мекендерге беріліпті және спорт алаңшасының көлемі мен биіктігі өзгеріске ұшырап, спортшыларға ыңғайластырылыпты.