Шұғыл түсірілім

Облыстың полиция қызметкерлері аса қатігездікпен жасалған кісі өлімін ашты. Жас жігітті белгісіз біреу өлтіріп кеткен. Мұнымен қоймай, марқұмның денесін бөлшектеп тастапты. Ізін суытпай іздестіру жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Қанды оқиға Шымкенттегі «Сәуле» шағынауданында орын алды. 4-шілде күні таңертең жергілікті тұрғындар осындағы үйлердің бірінен қасынан бөлшектелген адам денесін тауып алады. Осы суыт хабар бойынша оқиға орнына шұғыл-тергеу тобы жеткен. Тәртіп сақшылары марқұмның ауыр соққылар салдарынан мерт болғанын анықтайды. Ол – 33 жастағы жігіт болып шыққан. Полиция қызметкерлерінің дерегінше, тұрғылықты мекенжайы жоқ.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=mhn6sf_jq-A[/youtube]

Сол күні-ақ құқық қорғаушылар осы қылмысқа қатысты деген күдікпен 44 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Тергеу барысында анық болғаны – сезікті сол күні арақ ішіп отырып, екінші шөлмек алу үшін көшеге шыққан. Сол жерде марқұммен кездесіп қалыпты. Екеуінің арасында ерегіс туындап, төбелеске ұласады. Соның салдарынан күдікті жәбірленушіні ұрып өлтірген. Содан кейін қылмысын жасыру мақсатында марқұмның денесін бөлшектеп, жасырмақ болады.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=NDqbcL6Hmr4[/youtube]

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты жасаған сезіктінің психикасын тексереміз деп отыр.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы: «Қазір біз бұл күдіктіні жан-жақты тексереміз. Бірнеше сот және психикалық сараптамалар тағайындалған. Сол қылмысты жасап жатқан кезінде есін біледі ма, жоқ па – соны анықтау қажет.»

[youtube]www.youtube.com/watch?v=vcpDgUeoai4[/youtube]

Айғақты зат ретінде пышақ тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда күдікті қамауда жатыр. Қылмысты іс қозғалған.