Аптап ыстық жұртты әжептеуір әбіржітіп тастады. Өткен аптадан бері сынап бағанасы 40 градустан түспей тұр. Шіліңгір шілденің машақаты шаш етектен екені айтпаса да түсінікті.
Жаздың ыстығымен, қыстың суығына қарамайтын құрылысшылардың жұмысына шілденің шіліңгір күні кедергісін келтіре алмайтын көрінеді. Таң сәріден іске кірісетін құрылысшылардың басты мақсаты, күннен қорғану емес, жұмысты аяқтап, дер кезінде тапсыру.
Қайрат Көшкінбаев, құрылыс компаниясының бригадирі: «Мына жұмысты тез бітіру керек.Жолды ашу керек. Балдардың жағдайын жасауға тырысамыз, түсте 2 сағат демалыс береміз. Түс қайта құрылысқа қайта кірісеміз».
Ал қалааралық такси жүргізушілері күннің 40 градус ыстығында да жатпаймыз дейді. Бала-шағаны бағу-аптаған ыстықтан да маңызды десті. Дегенмен, ыстықтан қорғанудың жолдарын жақсы біледі.
Досқали, такси жүргізушісі: «Басымызға киіп, үстімізге марлы жамылып, жүрміз әйтеуір. Күн өте ыстық. Кеше, алдынкүні, өте ыстық болды».
Бақтияр, такси жүргізушісі: «Жасым алпысқа келсе де шорти киіп жүрмін.Барынша жеңіл киініп, жұмысты түске дейін бітіріп тастаймын. Алып бара жатқан жұмысың болмаса, үйден шықпағанға не жетсін».
Күннің ыстығы дихандардың шаруасына жайлы болып тұр. Еткен еңбек зая кетпей, өнім көптеп салды деп қуануда. Отбасымен бірге, егін егіп, күн көретін Сәуле Дәуренбекова үшін күннің неғұрлым ыстық болғаны жақсы. Өйткені өнім көп шығып, табысқа кенеледі екен. Ал өздері күннің көзінен барынша қорғанады. «Таңертең ерте келіп, суғарамыз, шөбін тазалаймыз. Түсте демаламыз»,-дейді кәсіп иесі.
Шымкентте күнні сынап бағанасы 38-40 гарудсты көрсеткенімен, бұл төтенше жағдайға жатпайды екен. Синоптиктердің айтуынша, биылғы жазда ең ыстық ауа 43 градусты көрсетіпті. Онда да өңірдің өзге аймақтарында тіркелген. Ал ертеңнен бастап, күннің аптығы басылады деп болжап отыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xyBmVRZuaZU[/youtube]
Динара Айтмырзаева, синоптик: «Яғни, ауа температурасы 27-35 градус жылы болады. Екі күнге күннің ыстығы төмендейді. Жауын-шашынсыз болады. кей жерлерде жел тұруы мүмкін. Бірақ екі күннен кейін ыстық ауа қайта басталады».
Ауа-райы адам баласына жаққан ба? дегенмен аптақ ыстықта бастарыңызда бас киім болып, қолдарыңызда қолжатыр жүргені абзал. Газдалмаған салқын суды да ұмыт қалдырмаңыз.