Аптап ыстық жұртты әжептеуір әбіржітіп тастады. Өткен аптадан бері сынап бағанасы 40 градустан түспей тұр. Шіліңгір шілденің машақаты шаш етектен екені айтпаса да түсінікті.
Қайрат Көшкінбаев, құрылыс компаниясының бригадирі: «Мына жұмысты тез бітіру керек.Жолды ашу керек. Балдардың жағдайын жасауға тырысамыз, түсте 2 сағат демалыс береміз. Түс қайта құрылысқа қайта кірісеміз».
Досқали, такси жүргізушісі: «Басымызға киіп, үстімізге марлы жамылып, жүрміз әйтеуір. Күн өте ыстық. Кеше, алдынкүні, өте ыстық болды».
Бақтияр, такси жүргізушісі: «Жасым алпысқа келсе де шорти киіп жүрмін.Барынша жеңіл киініп, жұмысты түске дейін бітіріп тастаймын. Алып бара жатқан жұмысың болмаса, үйден шықпағанға не жетсін».
Шымкентте күнні сынап бағанасы 38-40 гарудсты көрсеткенімен, бұл төтенше жағдайға жатпайды екен. Синоптиктердің айтуынша, биылғы жазда ең ыстық ауа 43 градусты көрсетіпті. Онда да өңірдің өзге аймақтарында тіркелген. Ал ертеңнен бастап, күннің аптығы басылады деп болжап отыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xyBmVRZuaZU[/youtube]
Динара Айтмырзаева, синоптик: «Яғни, ауа температурасы 27-35 градус жылы болады. Екі күнге күннің ыстығы төмендейді. Жауын-шашынсыз болады. кей жерлерде жел тұруы мүмкін. Бірақ екі күннен кейін ыстық ауа қайта басталады».
Ауа-райы адам баласына жаққан ба? дегенмен аптақ ыстықта бастарыңызда бас киім болып, қолдарыңызда қолжатыр жүргені абзал. Газдалмаған салқын суды да ұмыт қалдырмаңыз.