Бұрынғы шифер зауытының қазіргі жайы

512

Бір кездері 300 адамды жұмыспен қамтыған шифер зауытының бүгінгі күйі мүшкіл. Қабырғалары қарайып, қирап бара жатқан алып ғимарат батыстың қорқынышты кинолар түсіретін режиссерлері үшін таптырмас алаңға айналғандай. Дегенмен, нысан күйресе де,біз ойлағандай қараусыз қалмапты. Маңайында жүрген жігіттер жөндеу жұмыстары басталғанын айтады.

20140717_112917

Расында да алып кәсіпорынды қарауылдар күндіз-түні күзетеді екен. Түсірілім тобын көріп, түрінің сұрқы қашқан күзетшілер бірден бізді зауыт аумағына крігізбейтінін айтты. Тілдесе келе өндіріс ошағының қожайыны Нұрлан Тұрабаев есімді азамат екенін білдік. Бұл жерден соңғы жұмысшы 2010 жылы кеткен екен.

20140717_111130

Шифер зауытының қашан іске қосылатыны жөнінде облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасындағылар ештеме айта алмай отыр. Мамандар «Бір кездері өндіріс ошағына инвесторлар тартқанбыз. Бірақ, зауыт қожайыны Нұрлан Тұрабаев олармен тізе біріктіруден бас тартқан» дейді.

Ал қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Қаныбековпен телефон арқылы тілдескенімізде, Нұрлан Тұрабаев кәсіпорынның қожайыны емес тек құрылтайшысы екенін анықтадық.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=sOxGJQ77gaA[/youtube]

Асқар Қаныбеков, Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: «Ол іске қосылмайды ғой. Олар қарызға батқан. Жақында сатылады. Қазір 1-2 инвестор пайда болды. Олар зауытты сатып алмақ. Зауыт қашан іске қосылуы мүмкін? Менің ойымша, 2015 жылдың аяғына дейін қосылады. Сондай жоспарымыз бар. Қазіргі қожайыны кім оның? Құжаттағы қожайыны кім екенін білмеймін. Бірақ, құрылтайшысы Нұрлан деген кісі.»

20140717_112605

Шынымен де болашағы бұлыңғыр шифер зауыты жабылардан бұрын жұмысшыларына қыруар қаржы қарыз болған екен. Мұнан өзге де берешегі молайған өндіріс орны банкрот болған көрінеді. Ал биліктің үміті сөнбеген әлі. Біз де үміттенейік, ендеше…ы