Баланың бабын табуда ойын бөлмелерінің көмегі көп

Баланың бабын таба бiлейiк. Елiмiздiң бас педиатры Зәуре Оспанова Шымкентке келген сапарында осылай дедi.

ойын бөлмелеріБұл, әсiресе, емханалар мен ауруханаларға қатысты деген ханым «Нұрсәт» шағынауданындағы №3 қалалық емханада болып, ондағы балаларға арналған ойын бөлмелерiн көрді.

Педиатрдың сөзінше, бөбектерді емханаларға әкелгенде олардың жағдайы болмай, жылайтын кездері көп болады. Бұл, тиісінше, баланың дұрыс ем-дом алуына кедергі келтіреді екен. Әрі сәбидің балалық құқы бұзылады дейді маман. Сондықтан оның көңілін аулар осындай бөлмелер көп болмағы ләзім.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=swnbC2bxRnU[/youtube]

Мұндай ойын залдары облыстағы барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Тіпті, шалғай ауыл аймақтағы емханаларға да орналастырылып жатыр екен.

Зәуре Оспанова, БШАЫЖ бағдарламасының республикалық координаторы: «Бала бекерге жыламайды. Сондықтан оның көңілін түрлі нәрсемен алаңдатып, ауырсынуын ұмыттыру керек. Айтпағым, мұндай ойын бөлмелері өте керек. Мұның анаға балаға қалай қарау керектігін түсіндіру кезінде көмегі орасан.»