Оңтүстікте сәби сатқандар ұсталды (видео)

266

Оңтүстіктің полиция қызметкерлері адам сату фактісін әшкереледі. Сайрам ауданында тұратын 20 жасар Өзбекстан азаматшасы полициядан көмек сұрап, жаңа туған сәбиін өзімен бірге тұратын отандасы тартып алғанын айтқан.

000

Жедел іздестірген тәртіп сақшылары 25 жасар тағы бір Өзбекстан азаматшасын қолға түсірді. Ол жәбірленушімен бір бөлмеде тұрып келген. Сезіктіні тінтіген тәртіп сақшылары одан 45 000 теңге тәркілеп алды.

Бұған қоса сәби туылған перзентхананың гинеколог-дәрігері де тұтқынға алынған. Ол көрші ел азаматшасынан баланы 75 000 теңгеге сатып алып, шақалақты өзінің танысына беріп жіберген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=kN_aa4hDUkk[/youtube]