Оңтүстік өңірі электронды кітап шығаруда көш бастап тұр

799
Көркем әдебиеттер

Оңтүстік Қазақстан облысы электронды кітаптар бойынша ел аумағында көш бастап тұр. Сандық үлгідегі оқулықтардың жәй кітаптан айырмасы не? Және өңірімізде қай саладағы оқулықтардың қажеттілігі туындады? Облыстық «Отырар» кітапханасының оқырмандарымен тілдесіп, тақырыпты зерттеп көрдік.  

Мақсат Орман
Мақсат Орман

Мақсат Орманның қолындағы бейнехикая емес, кітап. Электронды кітап таспа арқылы оқылады. Бозбала ЖОО-нын тәмәмдағалы бері, кітапханаға келуді кейінгі орынға қоятын. Бірақ сандық үлгідегі оқулықтарды пайда болғалы мәдени ошақтың маңайынан табылып, көркем әдебиеттерді құшырлана оқитын болыпты.

Мақсат Орман, оқырман:»Бұл жерде өзің оқымайсың, яғни бұл жерде бір адам дауыстап оқып отырады, маған сонысы қызық болып отыр. Және де маған бұл айтылғандарды есімде сақтауға да оңай, қазір мен «Абай жолы» роман-эпопеясын оқып бітірдім, енді Құдай қаласа «Көшпенділер» трилогиясына көшпекші ойым бар».

Бүгінде бір ғана облыстық «Отырар» кітапханасында 385 мың кітапқоры бар. Оның 6000-нан астам электронды кітап. Биылдың өзінде қосымша 1003 сандық үлгідегі оқулықтар қосылыпты. Ал кітапханашылардың айтуынша, электронды үлгідегі кітаптар пайда болғалы бері жас оқырмандардың қатары артқан. Бірақ студенттер көбіне салалық оқулықтарды сұрап келеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CGQ4t1MniKk[/youtube]

Гүлмира Алпысбаева, облыстық «Отырар» кітапханасы директорының орынбасары: «Болашақта осы электронды салалық оқулықтар аламыз деп үміттеніп отырмыз және де қазақ классикалық шығармаларын көбірек сандық форматқа көшіріліп таратылса, соларды да қорымызға аламыз деп жоспарлаудамыз».

Электронды кітаптар
Электронды кітаптар
"Отырар" кітапханасында 6000-нан астам электронды кітап бар
«Отырар» кітапханасында 6000-нан астам электронды кітап бар
Көркем әдебиеттер
Көркем әдебиеттер

Айта кетейік, облыстық «Отырар» кітапханасында электронды кітаптардың жазбаша үлгісін жасау үшін көшіру қондырғысы жеткізілген. Заманауи аппарат 13 млн. теңгеге сатып алынған. Мұнымен көркем әдебиеттен бөлек, қолға бергісіз сирек және өлкетану оқулықтарының сандық үлгілері әзірленеді.