Оңтүстікте мал бордақылау жолға қойылған

2405

Қазығұрттық Алтынбек Бейсариев «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 3 миллион теңге көлемінде несиеге қол жеткізген. Сол қаржыға 10 жылқы алып, бордақылап отыр.

Қазірде шаруаның қорасындағы «Қамбар ата» тұқымы 30-ға жуықтаған. Сондай-ақ ісмер азамат екі адамға жұмыс тауып беріп отыр.

Ет өнімдерін аудан орталығындағы базарға өткізіп жүрген Алтынбек болашақта өз сауда дүңгіршегін ашуды жоспарлап жүр. Себебі, алдағы уақытта қорадағы жылқылардың санын жүзге жеткізуді мақсат тұтқан.