Мекеме жаңа жобаны қолға алды

«Қыстың қамын жаз ойла». Бұл қанатты сөз бүгінде шымкенттік энергетик мамандардың ұстанымына айналған. Қаламыздағы ірі электр бекеттері қарамағындағы мекемеде жұмыс бір сәтке де тоқтамайды. Себебі, олардың басты мақсаты – халықты жарық көзінен айырмау. Сондай-ақ, жылдың төрт мезгілінде де тұтынушылардың сапалы электр желісімен қамтамасыз ету.

Мекеме жаңа жобаны қолға алды
Мекеме жаңа жобаны қолға алды

Энергетика желілерін тиісті деңгейде ұстау, оның сапасын жақсарту және апатты жағдайлардан аластату – мұның барлығы да энергетика саласына қатысты инвестициялық жобаның шеңберінде. Энергетик мамандар қоғамдағы қауіпсіздік үшін де қызмет етеді.

Мұхтар Мамытов, «Онтүстік Жарық Транзит» ЖШС қосалқы бекет тобының басшысы: «Бұл екінші қосалқы бекетте жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір 16 метрлік трансформатордың орнына 25 метрлік трансформатор қойып жатырмыз. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп қала аумағында жарықты сөндіріп те қоймадық, бәрі орнында, жарық қосылып тұр.»

Жаңғырту жобасы

405

Жаңғырту жобасына сәйкес көбіне отандық қондырғылар қолданылады. Тек санаулы бөлігі көрші елдерден жеткізіледі. Отандық өндірістің қолдауы аса маңызды. Себебі, қазақстандық қондырғылар қазіргі уақытта шетелдік нарықта та дәріптеліп келеді. Бұған қоса инвестициялық бағдарлама аясындағы жаңғырту науқаны кезінде электр желіліренде ешқандай үзіліс болмайды. Жөндеу жұмыстары өрбіп жатқанда энергия қуаты 2 есеге көп көрсеткішті көтере алатын келесі желіге қосылады.

Сергей Нисмачко, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қосалқы бекет қызметінің аға шебері: «Біз қуат күшін қаншалықты асырғанымызбен бізде қуаттың қоры бар. Біз қосалқы бекеттерді де жаңа қондырғылармен жасақтап, мерзімі өткен, тозығы жеткендерді де ауыстырдық. Бұл жөндеу жұмыстары кепілдігімен жүргізіледі. Қыста да үздіксіз қызмет көрсете береді.»

Жаңғырту-жаңалауға қатысты инвестициялық бағдарлама 2013-2015 жылдары табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті және индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Инвестицияның қаржысы 3 жылға бөле есептегенде 7,5 миллиард теңгені құрайды.