Шымкент қаласының биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудегі көрсеткіші былтырғыдан біршама жоғары болғанымен, кей мектептерден мемлекеттік сынаққа небәрі 7 оқушыдан қатысқан. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен алқа мәжілісінде айтылды.
№ 23, 107 және 113 мектептерін тәмамдаушы оқушылардың тестілеудегі орта көрсеткіші 100 балдан асса, № 32 мектеп түлектерінің орта балы 50-ге жетпеген. Жиында қала әкімі мұндай білім ошақтарының басшыларының қызметке сәйкестігі қаралуы керек деп нақтылады. Қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов жасаған сараптамалық баяндамада ең көп екіліктер мен ең жақсы көрсеткіштер барысы да келтірілді. Бір директорлар марапатқа ие болып жатса, бірінің көпшілік алдында қызаруына тура келді. Шымкент басшысы білім ошақтарына директор болғысы келетін азаматтарға қатысты да ойын кесіп айтты.
[youtube]www.youtube.com/watch?v=mKbO0Ruakq0[/youtube]