«Студенттік құрылыс жасағы» 500-ге жуық жасты қамтыды

419
Бағдарлама бойынша тек құрылыс мамандығының студенттері тартылған

Шымкентте «Студенттік құрылыс жасағы» жұмысын бастады. Бүгінде қаламыздағы «Нұрсәт» шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бой көтеруіне 365 студент үлесін қосып жүр. Және Түлкібас ауданындағы жаңа ғимараттарды тұрғызуға 120 шәкірт жіберілген.

Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 85 адамға артық. Облыстық құрылыс басқармасының қадағалауымен арнайы бекітілген аумақтарда жастар күн сайын таңғы сағат 9:00-ден бастап, бас-аяғы 8 сағат еңбек етеді. Олардың техникалық қауіпсіздігі үшін алдын-ала оқу-жаттығу сабақтары жүргізіліпті.

Студенттер "Нұрсәт" шағынауданандағы көпқабатты үйлерді тұрғызуда

Студенттер құрылыстың басы-қасында емес, ортасында жүр. «Нұрсәт» шағынауданындағы 9 қабатты үйдің шаруасын атқарып, жазғы демалысын тиімді өткізушілердің қарасы қалың. Құрылысқа білек сыбана араласу 20 жастағы Дәурен Құрманов үшін ауырға соққан жоқ. Ол өткен жылы да студенттік құрылыс жасағында еңбек еткен.

Дәурен Құрманов, студент: «Дәл қазір біз қабырғаның темірлерін тоқып жатырмыз, оны сымдармен жақсылап орап, тоқу керек. Себебі ол үйдің дуалдарын ұстап тұрады. Жұмысымыз таңғы сағат 9:00-ден басталады. Сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін 2 сағат демаламыз. Сосын кешке дейін еңбек етеміз. Айына әзірге  70-80 мың теңге жалақы төлейміз деп уәде етуде. Оны алсам, міндетті түрде ата-анама беремін. Артылғанына оқу жылына киімдерімді, дәптер-қаламымды сатып аламын.»

"Нұрсәтте" 365 студент еңбек етуде
«Нұрсәтте» 365 студент еңбек етуде

 

Ал Қуаныш Қалдыкөз студенттік құрылыс жасағының құрамына биыл ғана еніп отыр. Бұған қарамай, бозбала қайнаған құрылыстың ортасы үлкен тәжірибе деп біледі.

Қуаныш Қалдыкөз, студент: «Биыл алғашқы рет қатысып отырмын, жұмыстары онша қиын емес сияқты әзірге. Дегенмен, құрылыс қиын деп жатады ғой. Бірақ үйреніп жатырмын.  Бұл жасақта, ең бастысы, еңбектің әр сағатына теңге төлейді. Мысалы, бізді басқаратын мердігер компания сағатына 300 теңге береді. Бұдан бөлек мен үшін мұнда еңбектену — үлкен тәжірибе. Болашақта осы саланы дамытқым келеді, елдің болашағына осы мамандығым арқылы үлесімді қосуды қалаймын.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7snOPPQcdgI[/youtube]

«Студенттік құрылыс жасағының» қатарынан табылу талай жастың арманы болған. Дегенмен мүмкіндікке жыл бойы қоғамдық шараларға қатысып, жақсы оқыған белсенді құрылыс саласының студенттері ғана қол жеткізіп отыр. Және жастарға арналған жалақы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 мың теңгеге артыпты.

Бағдарлама бойынша тек құрылыс мамандығының студенттері тартылған

IMG-20140715-WA0019

Сейітжан Әсілов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы: «Орташа айлық көрсеткіштері 50-60 мың теңгені құрап отыр. Бірақ арасында 1-2 мердігер компания студенттердің атқарған жұмысына қарай төлейді. Бағдарламада барлық мәселе шешілген. Олар тамақпен, киіммен қамтылған. Ал біздің басқарма тарапынан жоғарғы оқу орындарына «Егер құрылыс мамандығының студенттері болса, құрылысқа барамын дегендер болса тізімін беріңіздер» деп хат жазғанбыз. Бірақ көбінесе біздің облыста құрылыс мамандығы жоқ. Ал осы мамандықты оқытатын бірнеше университет басшылығы қызығушылық танытпаған соң, біз Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-мен келісіп, жұмыс жасап жатырмыз.»