Биыл облысымызда суға кетіп, мерт болған балалардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Бұл жөнінде өңіріміздің құтқарушылары хабарлап, дабыл қағуда. Өкінішке орай, бүгінде күн сайын тілсіз жаумен арпалысқан адамдарды құтқаруға тура келеді.
Опат болғандардың ішінде жасөспірімдер де жоқ емес дейді құтқарушылар. Мәселен осы аптаның өзінде 5 адам суға кетіпті. Суға тұншыққандардың ішінде жеткіншек бала мен қыз да бар. Негізінен, қайғылы жағдайлар Арыс, Келес, Сырдария өзендерінде орын алып жатыр дейді облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары.
[youtube]www.youtube.com/watch?v=GZCeLH-Aw-s[/youtube]
Өңірімізде бүгінде 158 ірі көлемді су қоймасы бар. Биылғы шомылу маусымы басталғалы 23 адам суға батты. Мынадай жаздың шіліңгір ыстығында адамдардың шомылуына құтқарушылар тосқауыл бола алмайды. Алайда, олар азаматтарға шомылуға барғанда балаларға мұқият болып, ішімдік ішпеуді ескертеді.