Судьялардың ісі көбейіп отыр

235
Әл Фара би аудандық соты есеп берді

Сотта қаралатын істер саны артып келеді. Бүгін Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық соты жарты жылдық жұмысын қорытындылады.

Әл Фара би аудандық соты есеп берді

Аудандық сот төрағасы Мұратәлі Бекназаровтың айтуына қарағанда, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сотқа келіп түскен істер саны 1300-ге артқан. Сондай-ақ, орта есеппен әрбір алтыншы іс аппеляциялық алқаның қаралуына жіберілген. Бұл жағдайлар өз кезегінде сот қызметкерлерінің жұмыс жүктемесін арттырып, істі созбалаңға салады.

Бір айта кетерлігі, соңғы кездері сотқа борышкерлерге қатысты істер жиі түсетін болған. Тараптардың келіспеушілігі, әсіресе, осы сарындағы істерде кездеседі.