Жалғызбасты аналарға арналған үй

676
Аналар үйі әрдайым дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі
Аналар үйі әрдайым дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі

Шымкентте жалғызбасты аналарға арналған үй ашылды. Ол орталық өмірге нәресте әкелген соң жақындарынан қолдау таба алмаған, баспанасы жоқ, ал ең қорқыныштысы, баладан бас тартуды ойластырып жүрген жас аналарға арналған.

Ашылғанына небәрі 4 ай өтсе де талай бойжеткенді паналатқан орталық мамандарының мақсаты — жас аналардың сәбиінен бас тартуына жол бермеу. Тірі жетімдер санын азайту.

Аналар үйі әрдайым дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі
Аналар үйі әрдайым дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі

Оң босағада отырып, жүкті болып, жалғыз қалған Жұлдыздың бұл үйге келгеніне бір айдан енді асты. Он алтыға толмай жатып ана атанған кейіпкеріміз сәбиінің әкесін еске алғысы жоқ. Айтуынша, сүйген жігіті де, туған ата-анасы да жүкті екенін білгенде бас тартыпты. Алайда жас қыз бауыр еті баласынан безінген жоқ. Керісінше, қиындықтардың барлығын жеңіп, баласын аяққа тұрғызуды армандайды.

Жұлдыз
Жұлдыз

Жұлдыз: «Мектепте оқып жүргенімде жігіттіммен таныстым. «Сүйдім-күйдім» деген сөздеріне сеніп, алданып қалдым. Өкінішке орай, жүкті екенімді білгенде өз ісін мойнымен көтерудің орнына мені таяқтың астына жықты. Ата-анам оны сотқа да берді. Оның әке-шешесі «Үйлендірейік, істі жаба салайық» деді. Алайда мен келісімімді бермедім. Содан некесіз бала туғаныма қарсы болған әкем менен бас тартты. Ал анам немересін көріп тұрады. Алайда үйге қайтып бара алмаймын. Әкем рұқсат бермей жатыр. Сондықтан осы жерді паналауға мәжбүрмін.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=V9gKWT_0l8k[/youtube]

Қазір Жұлдыз қызы Жібекпен бірге кәсіпкерлер ашып берген аналар үйінде тұрып жатыр. «Ана үйi» қоғамдық қоры бала мен ананы қажетті керек-жарақпен қамтып, балаға қарап, ананы оқытып, жұмысқа орналастыруды басты міндеттеріне алып отыр.

Мұндағы мамандар осындай арнайы үйлер ана мен бала арасындағы махаббатты нығайтып, тастанды балалардың санын азайту үшін ашылып жатыр дейді.

Жұлдыздың қызы - Жібек
Кішкентай ғана Жібек

Айта кетейік, 4 айдан бері бұл үйде 11 жуық бойжеткен тұрған. Олардың алтауы ата-анасымен татуласып, баласын балалар үйіне өткізуден бас тартқан. Бір бойжеткен баласынан безінгені үшін орталықтан шағарылған. Қалған қыздар өмірдегі өз орнын тапқанша осы жерді паналамақ.

Мамандардың айтуынша, аналар бөбегінен безінбес үшін Шымкентте тағы да бір орталық ашу жоспарда бар. «Ана үйi» қоғамдық қоры осылайша Қазақстандағы тастанды балалардың санын азайтуды жоспарлап отыр.