Жарты жылда 40 миллион теңгенің суы ысырап болды

279
Сапасыз жасалған су құбырларын қазып ашу күнделікті жұмысқа айналаған

Шымкент қаласындағы «Ақ ниет» шағынауданында 800-ден аса шаңырақ 2 тәуліктен бері ауызсусыз отыр. Қазылуы бітпес көшелер халықтың берекесін қашырған.

Көшелердің әр жерінде қайталанатын көрініс

Асанбай Мырзалиев, «Шымкент қалалық су құбырлары мен кәріз жүйелері» МҚК директоры: «Сапасыз жасалған құбырлар қысымға шыдай алмай, құбырлардың қосылған жері жарылып жатыр. Бүгін мына жерді жасасақ, ертеңіне басқа жері шығады. Арнайы су жапқыштардың (винтель) толық қойылмағанының кесірінен жөндеу үшін барлық үйлерді сусыз қалдыруға мәжбүрміз. Осында далаға аққан судың ысырапсыздығынан мекеме осы жылдың 6 ай ішінде 40 миллион тенгеге қарыз болып отыр. Бұл сапасыз құбырлардың жасалуы жалғаса берсе мұның арты не боларын елестетудің өзі қиын.»

Су құбырларының тесілу салдарынан орын алып жатқа жағдайлар
 

Мұндай көрініс қалада көп

Сапасыз жасалған су құбырларын қазып ашу күнделікті жұмысқа айналаған
Сапасыз жасалған су құбырларын қазып-ашу күнделікті жұмысқа айналаған

Құрылғылар толық болмауынан бүтін шағынаудан сусыз қалды

Ақниетте 1000-ға жуық үй сусыз отыр
Ақниетте 1000-ға жуық үй сусыз отыр
Асфальті кеппей жатып қазылып, қайта көмілген жерлер
Асфальты кеппей жатып қазылып, қайта көмілген жерлер