Қазығұрт асуының жолы өзгеше әдіспен жөнделуде

Шымкент-Ташкент бағытындағы 101 шақырымдық жол жөнделіп жатыр. Оның ені 9 метрден 11 метрге кеңітіледі. Төрт жолақты жолдың асфальті сүріліп, орнына бетон төселеді.

Шымкент-Ташкент тас жолын жөндеп жатыр

Шымкент-Ташкент тас жолын жөндеп жатыр

Мамандар енді Қазығұрт асуынан жаныңызды шүберекке түйіп өтпейтін боласыз дейді. Себебі, бұл жолғы жөндеудің өзіндік өзгешелегі бар. Асудағы жолдың биіктігі 8 метрге дейін төмендетіледі. Бұл өз кезегінде осы жерден өтетін көліктер үшін тиімді болмақ. Осылайша Қазығұрт асуы қыстыгүні енді жүргізушілер үшін қауіпті болмайды деп толықтай үміттенуге болады.

Шымкент-Ташкент тас жолын жөндеп жатыр

Шымкент-Ташкент тас жолын жөндеп жатыр

Асу жолының деңгейі екі шақырым бойына төмен түсіріледі. Тек мұндағы жер бедерінің сан қилылығы кейбір іске тұсау болуда. Сондықтан қажеттілікке байланысты асу одан да төмен тереңдікте қазылуы мүмкін. Оның неғұрлым төмен болғаны жолаушылардың қауіпсіздігіне ыңғайлы дейді құрылысшылар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mqGkecYQPpA[/youtube]

Ақжол Ерғазы, учаске басшысы: «Асудың жан-жағын қазу кезінде су шығып жатыр. Ол бізге ертең көптеген кедергі келтіреді. Мысалы, ертең көліктер жүре алмайды бұл жерден. Екіншіден, бұл жол біткен жағдайда таудың түбі судан зәктейді. Сосын ол құлауы мүмкін. Сондықтан бұл жерді одан да тереңірек қазып, кепкен жеріне дейін жету керек. Сол кезде су шыққан жерлерді жабуға болады деп ойлаймын.»

Шымкент-Ташкент тас жолын жөндеп жатыр

Ұзындығы 101 шақырымды құрайтын тасжолдың биыл 37 шақырымы жөнделіп, пайдалануға беріледі. Ал қалған бөлік алдағы екі жылдың ішінде жасалады. Барлық жұмыс үшін мемлекет 56 миллиард теңге қаржы бөліп отыр. Оның 20 миллиард теңгесі осы жылы игеріледі.

Күмісбек Орашов, облыстық автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары: «Әрине, кедергілер болады. Бұған халық та түсіністікпен қарауы керек. Жұмыс жүріп жатқан кезде кейбір құрылысқа байланысты жолды жабуға тура келеді. Ол жерде айналып өтетін ескі облыстық жол бар. Жұмыс толық біткенше жүргізушілер сол жолмен жүре тұратын болады.»