Дуадақ құсын өсіретін орталықтар дүние жүзі бойынша Марокко елі мен Абу-Даби қаласында ғана бар. Енді нақ осындай нысан Оңтүстіктің Бәйдібек ауданынан бой көтеріп жатыр.

Арабтар Ақбастау ауылынан қазақ даласына жылына 10 мың дауадақ ұшыруды жоспарлауда екен. Бұл жөнінде облыс әкімінің Бәйдібек ауданына жасаған іс-сапарында мәлім болды. Сонымен қатар аудан әкімі Батырбек Көшербай облыс әкімі Асқар Мырзахметовке осы кезге дейін атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

005

Өңір басшысы Бәйдібек ауданындағы алғашқы аялдамасын Боралдай ауылдық округінде жасады. Қаратау ауылындағы сонау 1974 жылы салынған 200 орындық мәдениет үйі күрделі жөндеуді қажет етеді. Жөндеу жұмыстарының жобалық-сметадағы құны – 85 миллион теңгеге жуық.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Мынаның бәрін қалпына келтіреміз, типтік ғимарат етіп жасаймыз. Тұрғындар осы мәдениет үйін қаншалықты атына сәйкес пайдаланып отыр? Қаншалықты дәрежеде бұл жерде мәдени іс-шаралар өтеді? Егер жылына әкімнің 1-2 жиыны өтетін болса, онда қаншалықты дұрыс шешім? Осыншама ақша шығарып тұрып? Осыншама штат ұстап? Жылуы бар, басқасы бар, коммуналдық шығындары бар. Мәдениет басқармасы осыны бір жақсылап талдау керек.»

Батырбек Көшербаев, Бәйдібек ауданының әкімі: «Бұл жерде біздің ауданда негізінен жұмыс жасап отырған мына 5 мәдениет үйі мен мына үш клуб, яғни сегізі ғана. Бүгінгі таңда клуб есебінде 1-2 адам ғана жұмыс жасап жатыр. Олардың барлығы осы жердегі ауылдық округтерде. Ауданымыздағы ең үлкен ауылдық округ – осы Боралдай. Осы жердегі жастармен де, басқасымен де осы мәдениет үйінде іс-шара өткізіп отыр.»

[youtube]www.youtube.com/watch?v=HqgJj2WQDAM[/youtube]

002

Тозығы жеткен мәдениет ошағымен танысып өткен соң облыс әкімі Ақбастау елдімекеніндегі «Ақбастау 2050» селолық тұтыну кооперативіне ат басын бұрды. Мұндағы шаруалар етті бағытта мал бордақылауды қолға алыпты. Осы мақсатта мал сою орнын ашу үшін басшылары «Максимум» мекемесінен 40 миллион теңге несие алмақ.

Берік Жұманов, «Ақбақстау» СТК төрағасы: «Бес миллион теңгеге құрал-жабдық алып жатырмыз. Үш тонналық машина алып жатырмыз, ол 5 миллион теңге болды. Және тоңазытқыштардың біреуі төрт жарым миллион, біреу бір миллион 600 мың теңге болды. Қазір менің қарамағымда 8 жұмысшы бар.»

[youtube]www.youtube.com/watch?v=e6X56cnVN2A[/youtube]

Мұнан соң Асқар Исабекұлы құрылысы 2010 жылдың қаңтар айында басталған «Departament of UAE prezidents efrays» қорының нысанында болды. 895 гектар жерге орналасқан орталықта дуадақ құсын өсіріп, өндіру үшін 3 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Болашақта бұл жерден Қазақ даласына жылынан 10 мың дуадақ жіберілетін болады.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=FGY1rLvPhbA[/youtube]

004

Сапар соңында Асқар Мырзахметов Шаянда аудан әкімінің жарты жылдық есебімен танысты. Біраз уақыт басшысыз қалған Бәйдібекте атқарылар іс – шаш-етектен. Атап айтқанда, жекеменшік балабақша мен шағын орталықтар жоқтың қасы. Сондай-ақ, индустриялды аймақтың жобалық-сметасы әлі күнге дайын емес. Өңір басшысы жаңа тағайындалған аудан әкіміне олқылықтардың орнын жоюды табыстады.