Қазақстандықтар 3 күн демалады

418

Биыл Конституция күні сенбіге тура келіп тұр. Осыған байланысты қазақстандықтар қосымша тағы бір күн демалады.

005Биылғы күнтізбе бойынша 30-тамыз – сенбі, 31-тамыз – жексенбі және 1-қыркүйек – дүйсенбі. Заң бойынша мереке және демалыс күндері сәйкес келіп қалса, онда мерекеден кейінгі жұмыс күні болып есептеледі. Осыған сәйкес дүйсенбі күні де демалыс деп жарияланып отыр. Конституция күні республикалық деңгейде аталып өтіледі.