Қазығұртта қайырымдылық шарасы өтті

523
Қазғұрт ауданында 200 аса оқушы мектепке қажетті заттарынмен қамтылды

Қазығұрт ауданының балалары мектепке қажетті құралдарға қарық болды. Кәсіпкерлер аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың жасөспірімдеріне жаңа оқу жылы қарсаңында сыйлық жасады. Қазығұрт ауданның 200-ге жуық оқушысы мектепке қажетті құралдарымен қамтылды. Арнайы сый-сияпатқа ие болған жасөспірімдердің арасында Абдулла Нұрлыбек те бар. 8 жасары шәкірт мектепке қажетті құралдарымен баратын болды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=vEYo3-CP4eA[/youtube]

Абдулла Нұрлыбек: Арнайы сыйлық дорбасында костюм-шалбар, оқу құралдары, кітап бар екен. Мен енді мектепке толық құрал-жабдығыммен баратын болдым. Бұл — мен үшін үлкен бақыт! Осындай сыйлық жасаған ағаларыма рахмет! Мен сабақты жақсы оқуға уәде беремін!»

Қазғұрт  ауданында 200 аса оқушы мектепке қажетті заттарынмен қамтылды
Қазғұрт ауданында 200 аса оқушы мектепке қажетті заттарынмен қамтылды

Игі шараға ұйытқы болған — кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы. Жасөспірімдерге білім алуға қажеттіліктерімен қатар 15 мыңнан 30 мың теңге аралығында ақшалай сыйлық табыс етілді. Кәсіпкерлер мұндай қамқорлық әрбір жанның парызы деп біледі.

Гүлзия Бейсенбаева, кәсіпкер: «Мен үнемі қамқорлық шараларын өткіземін. Тек кәсіпкерлер ғана емес, барлық жандардың жарым-жартылай жетім, аз қамтылған балаларға көмектесуі парыз еткен деп білемін. Әрине, мұны сезінген адам ғана жасайды. Ал кәсіпкерлерге екі есе жүктелген міндет.»

Акцияға 100-ге жуық кәсіпкер атсалысты. Енді олар ауданда мұқтаж отбасыларды қалталы азаматтардың қамқорлығына бекітуді ұйымдастырмақ.