Абай аудандық әділет басқармасында ашық есік күні өтіп жатыр. Заңгер мамандар тұрғындарға тегін кеңес беріп, әділет органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=70HJbEJ_Dxg[/youtube]
Заңды тұлғалар өкілдеріне құқықтық көмек көрсетіліп, жылжымайтын мүлікті, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерді тіркеу бойынша кеңестер берілуде. Келген азаматтардың қатарында жаңа қалалықтардың қарасы көп. Шымкент қаласы аумағына өткен елдімекен тұрғындары мүліктерін заңдастырудың қамымен жүр.