Мұражайда 800-ден астам ауған соғысы ардагерлерінің жәдігерлері бар

Оңтүстікте ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін еске салар жәдігерлер күн санап артып келеді. Бұл жөнінде облыстық «Ерлік» мұражайының мамамандары мәлімдеп отыр. Мәдени орынның қор жасағамен республикалық жергілікті және ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Шәріп Өтегенов арнайы келіп танысты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=eX4JoNEk4qo[/youtube]

Ел аумағында әзірге ауған соғысы ардагерлерінің майдандағы ерен ерлігін еске салар мұражай осы ғана. Оған «Ерлік» деген ат берілген. Шәріп Әбдүмәлікұлы жәдігерлермен танысып, қор жасағанының көбейгенін көрді.

Мұражайда 800-ден астам ауған соғысы ардагерлерінің жәдігерлері бар
Мұражайда 853 ауған соғысы ардагерлерінің жәдігері бар

Шәріп Өтегенов, республикалық жергілікті және ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы: «Менің ойымша, осы мұражайға келіп, тұрғындар ауған соғысының қаншалықты ауыр және әсерлі болғанын біле алады. Мұндағы жәдігерлердің барлығы сол заманды еріксіз еске салып, ерліктің мәңгі жасайтынын дәлелдеп тұрғандай. Бір өкініштісі, республикамызда бұдан басқа ауған соғысы ардагерлеріне арналған мұражай жоқтың қасы. Сондықтан алдағы күндері ауқымы кең мұражайлар ашылып, жәдігерлер қоры бұдан да көбейсе деген тілегіміз бар.»

Шәріп Өтегенов әрбір жәдігермен жекелей танысты
Шәріп Өтегенов әрбір жәдігермен жекелей танысты

Ерлік мұражайы өз жұмысын 2012 жылы бастаған. Бүгінде мұнда 1809 жәдігер бар. Оның 853-і ауған соғысы ардагерлеріне тиесілі. Соңғы 6 айдың ішінде мұражай қызмкеткерлері осы қорды 604-ке тағы да толықтырды. Және олар арнайы бөлмелердің төрінен орын алып отыр.

Ақмарал Құдайбергенова, «Ерлік» мұражайының меңгерушісі: «Біз жәдігерлердің барлығын аудан-қалаларды аралап, шалғайдағы ауылдарға барып, өзіміз іздеп тауып жатырмыз. Әр аудандағы өздерінің төрағалары бар, сол төрағаларымен тікелей байланысып, қажетті жәдігерлерді аламыз. Өзіміздің ұжымымыз болып, ол кісілердің фотосуреттерін, әскери киімдерін, медаль, ордендерін жинақтап жатырмыз.»

Айта кетейік, бүгінде ел аумағында 17100 ауған соғысының ардагері бар. Оның екі мыңнан астамы — біздің жерлестеріміз.