Оңтүстіктегі тарихи-құнды жәдігерлер жақында жаңа ғимараттың төрінен орын алуы мүмкін. Мұражай жаңа ғимаратқа көшеді деп күтіліп отыр. 1500 шаршы метр аумақты қамтыған мұражайға бүгінде 9 бригада, яғни 123 жұмысшы жұмылдырылған. Және олар шаруаны күні-түні үзбей, ауысыммен атқарады.
Айта кетейік, тарихи-өлкетану мұражайының жаңа ғимаратының бой көтеруіне қазынадан 416 миллион теңге қаралған. Құрылысты қолға алған мердігер компания өкілінің сөзіне сенсек, жаңа нысанның кілті мұражай ұжымына қыркүйек айында тапсырылады. Бұған қоса дәл осы нысанның жанынан дәл осындай аумақты қамтыған мұражай салынып жатыр. Учаске басшысы ол ғимарат болашақта этномұражай болатынын айтты.
Гүлнәр Саматқызы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры: «Біз қуанып отрмыз. Құдай қаласа жаңа мұражайға барсақ, жәдігерлеріміз де жаңа орынға жайғасар еді. Сонда алаңсыз отыратын едік, жыл сайын қосымша таңы да жаңа дүниелермен толығып жатырмыз ғой. Сондықтан, жаңа ғимаратқа барамыз деп алып-ұшып жүрміз. Біздің жерлестеріміз де жәдігерлерді жаңа, заманауи залдан көруге асық».