Жаңа оқу жылына білім мекемелерінің дайындығын тексеру жалғасуда. Құрамында тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, депутаттар, ата-аналар комитетінің мүшелері бар арнайы топ қала мектептерін аралайды.
Бөлек биыл арнайы топ Сайрам ауданынан қала аумағына қосылған мектептерді де аралап шықпақ. Жалпы, биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында 127 мектеп қабылдаудан өтуі тиіс. Комиссия бүгін 1959 жылы салынған №2 мектепте болды. Бұл білім ошағында биыл күрделі жөндеу жұмысының екінші кезеңі жүргізіліп, 9 миллион теңгеге ғимараттың есік-терезелері жаңартылыпты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=00aifiX6JOs[/youtube]
Ал іргетасы 1962 жылы қаланған №6 мектептің қабырғалары, едендері 48 миллион теңгеге толығымен жаңартылып, жаңа оқу жылына сақадай сай тұр. Бұл екі мектеп қаладағы ең көне деп есептелетін білім ошақтарының қатарында болатын.