«Қазақтың саңлақ сазгерлері». Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында осындай тақырыптағы көрме көпшілік назарына ұсынылып жатыр. Мәдени орынның төрінде сазгерлер Мұхамеджан Рүстемов, Сейдалы Тұрғынбаев, Жанғали Меймандосов және Мыңжасар Маңғытаевтың шығармашылығынан және өміржолынан сыр шертер жәдігерлер жайғасқан.