Роза ИСАЕВА, ОҚО қаржы басқармасының басшысы:
– Жекешелендірудің басты мақсаты бюджет қаражатын үнемдеу, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдап, ел экономикасын дамыту болып табылады. Осыған орай «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Үкіметтің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, облыс бойынша коммуналдық меншіктегі 28 ұйымды жекешелендіру және «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ-ның құрамындағы 5 ұйымды бесекелестік ортаға беру туралы шешім қабылданды.