Шымкенттіктер үшін IPO бағдарламасының маңызы қандай?

92

«Самұрық-Қазына» Қоры мен «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның өкілдері Шымкентте тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында кездесу өткізді. Мақсат, жекешелендіру саясатының қаншалықты маңызды екенін көрсету. Жиын барысында акцияның маңызы түсіндіріліп, диллерлік компаниялардың жұмыс жасау мүмкіндігі сөз болды.

Жақында «ҚазМұнайГаз» АҚ-на тиесілі акциялар сатылымға шығады. Айтулы жұмысты 2025 жылға дейін жүреге асыру жоспарланған.

Дастан Адиходжаев, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры: «Компаниялардың IPO-ға шыққаннан кейінгі өмірі түбегейлі өзгеретінін атап өткім келеді. Себебі IPO-ға қатысатын компания листингтің жоғары талаптарына сәйкес келіп өзінің барлық ішкі және сыртқы процестерін үздік халықаралық практикаларға сәйкес жүзеге асыруы керек. Атап айтқанда инвесторлармен белсенді өзара іс-қимыл жасап, өзінің барлық қызметін ашық әрі жариялы түрде жүргізуі керек».

ҚР Үкіметі қабылдаған жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына сәйкес 30 компанияның акциялары сатылымға шығарылады. Оның себебін мамандар кәсіпкерлердің жұмыс аясын кеңейтіп, бәсекелестікті дамыту мақсатында екенін айтады.

Архат Сарсенбаев, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы: «Бұл шараны өткізу себебі «Самұрық-Қазына» Қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ IP-ға қатысу мүмкіндіктері туралы талқылануда. Бұл ақпараттың маңыздылығы, қазіргі кездегі әлеуметтік желідегі аяқтардың көбеюіне байланысты халықтың қаржылық сауаттылықтарын арттыру. Сондай-ақ сатылымға шыққан акцияның қаншалықты маңызды екенін түсіндіру үшін жиын өткізіліп отыр».

Айта кетейік, биыл ipo.sk.kz сайты іске қосылды. Онда жекешелендіруге байланысты барлық ақпараттар жарияланатын болады. Мемлекет басшысының халықтың әл ауқатын жақсарту бойынша берген тапсырмасына жергілікті органдар осылайша үн қосып отыр.