Шымкентте жаңа аудан ашылады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов хабарлады.
Өңір басшысы депутаттар алдында 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, атқарылған жұмыстар жайында айтып өтті. Шымкент қаласын Қазақстандағы үшінші қалаға айналдыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары қабылданғаны айтылды. Ең басты жаңалық — мемлекет басшысының қолдауымен Шымкентте төртінші аудан құрылады. Ол ауданның қалай аталары әзірге белгісіз. Айта кетейік, Шымкентте қазір Абай, Әл Фараби және Еңбекші аудандары бар.