Шымкенттегі базардан өрт шықты (фото және видео)

596

Шымкентте кезекті рет келеңсіз жағдай орын алды. Көпшілік шоғырланған ортадан өрт шықты. Тілсіз жау Қырғы базарда тұтанған. Бұл туралы суыт хабар, алдын ала болжамға сәйкес, сағат кешкі 17:00 шамасында түскен.

 

Ірі сауда орнындағы алтын бйұымдарын сататын бөлім жанындағы қоймалардың бірінен өрт шыққан. Алдын ала берілген мәлімет бойынша екі қабатты ғимараттағы тілсіз жау 40-50 шаршы метр жерді шарпыған. Оғиға орнына бірден 7 арнайы техника мен 45 өрт сөндіруші шұғыл аттанған.

Оқиға орнына жүздеген адам жиналып қалды. Олардың арасында қойма иелері де бар болуы мүмкін. Адамдарды төтенше жағдай болып жатқан жерге жақындатпас үшін полиция қызметкерлері мен ішкі істер әскерінің сарбаздары жұмылдырылған. Алдын ала болжамға сәйкес, ұшқын электр сымының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=pLg0kcqzTio[/youtube]