Субұрқақ – шомылатын жер емес

Электрониканың арнайы жүйесімен басқарылатын әуезді фонтандардағы тоқ кернеулігі жоғары. Мұндай субұрқаққа жақындағанда абай болыңыздар.

Оңтүстіктің аптап ыстығында жұртшылық субұрқақтарды паналауды әдетке айналдырған. Атқылаған су айналаға салқын ауа береді. Егер субұрқақ әуеннің сүйемелдеуімен жұмыс істейтін болса, тіптен керемет. Әуенді субұрқақ әдемі әсер, салқын ауа сыйлайды.

Субұрқақтарға аптасына екі рет тазалау жұмыстары жүргізіліп тұрады екен
Субұрқақтарға аптасына екі рет тазалау жұмыстары жүргізіліп тұрады екен

Шымкентте мұндай нысандардың саны – 14. Оның 12-сі автоматтандырылған. Яғни, белгіленген уақытта су атқылау тетігі өздігінен қосылып, өшеді. Ал «Тәуелсіздік» саябағы мен «Ордабасы» алаңындағы субұрқақтар мобильді топ операторларының бақылауында екен. «Шымкент жасыл қала» ЖШС-ның бас инженері Аян Тоғызбаевтың айтуынша, нысандар таңғы сегізден кешкі беске дейінгі аралықта мамандардың бақылауында болады. Субұрқақтарға аптасына екі рет тазалау жұмыстары жүргізіліп тұрады екен.

Аян Тоғызбаев, «Шымкент жасыл қала» ЖШС-нің бас инженері: 

– Негізі субұрқақтарда шомылуға рұқсат етілмеген. Біз арнайы ескертпе де іліп қойғанбыз. Ойын балалары мұны ескермейді. Саябақты бақылап, қоғам тыныштығын сақтауға тиістілер де бұл жайтты байқамағандай кейіп танытады. Міне, осыдан кейін субұрқақтағы су тез ластануда. Біз қолымыздан келгенше тырысып-ақ жатырмыз. Кес-теге сай тазалық жұмыстары жүргізілуде. Яғни, ондағы су әр бес күн сайын төгіліп, қайта құйылады. Лас сумен жасыл желектер суғарылады. Бір субұрқақты таза сумен толтырып, қайта іске қосуға екі күн қажет.

Дегенмен Сіз бен біз көріп жүрген субұрқақтардағы тазалық маманның сөзін жоққа шығарғандай ма, қалай? Әсіресе, көпшілік жиі баратын «Тәуелсіздік» пен «Орталық» саябақтағы субұрқақтарды мақаланы жазу барысында арнайы барып, бірнеше күн қатарынан зерттеп, көргенімізде тазалықтың сақталмағанын аңғару қиынға түспеді. Бетінде қалқыған қоқысы бар суда балалар шомылып жүр. Мұндай суға бір сүңгіп шыққан баланың жұқпалы дертке шалдықпасына ешкім кепіл бола алмайды. Бұл жайттан «Шымкент жасыл қаласындағылар» да хабардар екен. Бірақ, бәріне кінәлі балалардың өздері дейді олар.

Электрониканың арнайы жүйесімен басқарылатын әуезді фонтандардағы тоқ кернеулігі жоғары. Мұндай субұрқаққа жақындағанда абай болыңыздар.
Электрониканың арнайы жүйесімен басқарылатын әуезді фонтандардағы тоқ кернеулігі жоғары. Мұндай субұрқаққа жақындағанда абай болыңыздар.

Жауапты мамандардың бұл сөзінен соң «шомылуға рұқсат етілмеген» деген ескертпені іздедік. Оны барлық субұрқақ маңынан таба алмадық. Осыны өзі сала мамандарының субұрқақта шомылуға болмайтынын біле тұра балалардың денсаулығына алаңдамастан, ескерту жасамай отырғандығын көрсетіп отыр.

Ал осы кезде…

Субұрқақ тақырыбына қалам тербемес бұрын «Facebook» әлеуметтік желісін қолданушы шымкенттіктердің де пікірін біліп едік.

31-01831-01931-02031-02131-022

Сәбит САПАРБЕКОВ
Сәбит САПАРБЕКОВ

Сәбит САПАРБЕКОВ:

– Соңғы бір айдың ішінде «Орталық» саябаққа 4-5 рет бардым. Соның тек біреуінде ғана субұрқақ жұмыс істеп тұрды. Әлі есімде, маңызды шаруаларыммен барғанымда күндізгі үштен кешкі алтыға дейін саябақта жүруіме тура келген. Ол сәтте де субұрқақ қимылсыз тұрды. Сулары да лас еді. Тіпті куәгерлерім де бар. Ал ОҚМУ жанындағы «Қызғалдақ» субұрқағының атқылап тұрған сәтін көрмегелі көп болды.

 

 

Гүлмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ
Гүлмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

Гүлмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ:

– Тәуел-сіздік сая-бағындағы «әуенді су бұрқағының» қосулы тұрғанын былтыр бір рет қана көрдім. Ал биылдыққа көрмедім. Мен баратын кезде өшіріп қояды ма, түсінбеймін. «Сұмырай келгенде су құриды» дейін десем, «Шәмші әлемі» гүлзары мен Орталық саябақтағы субұрқақтар ылғи қосулы тұрады…

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген – Әйгерім Бегімбет