Úı ANONS Тоқ соққан балаларды құтқарған студентті Мемлекет басшысы марапаттады

Тоқ соққан балаларды құтқарған студентті Мемлекет басшысы марапаттады

Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады.

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.