Жыл басынан бері Абай ауданында сыбайластық жемқорлық сипатында 14 қылмыстық іс қозғалған. Жемқорлыққа жол бергендердің қатарында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен мектеп директорларының қарасы көп.
Бұл туралы осы аудан басшылығының білім беру саласы өкілдерімен басқосуында мәлім болды. Жаңа оқу жылы қарсаңында басшыларды жемқорлыққа тұсау салуға шақырған құқық қорғау саласы мамандары адам саудасы тақырыбынан да айналып өте алмады. Себебі, адам саудасы құрбандары мен жезөкшелікке жегілгендердің қатарында оқушы қыздардың үлес салмағы басым. Сондықтан тәртіп сақшылары қоғамдағы қос дертпен күресу үшін күш біріктіруге шақырды.