Жеңіл көлік Газельді аудара жаздады

691

Шымкент қаласының Қонаев даңғылында 22-тамыз күні шамамен таңғы сағат 10:30 да жүк таситын Газель және Нексия көліктері соғысты. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік Газельдің астына кіріп, аударып жібере жаздаған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VsRbzMLbYrw[/youtube]

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасының орын алуына Газельдің жүргізушісі кәнілі болуы мүмкін. Өйткені ол үш жолақты жолдың ортасында келе жатып, бірден оңға бұрылған. Бұл уақытта оң жақпен жүйткіп келе жатқан Нексияның жүргізуші тежегішті басқанымен, бес метрдей сырғып келіп Газельдің жанындағы есігінен соғыпты. Бұл кезде жүк таситын көлікте ауыр зат болмаған. Соның салдарынан қос машина да жол жиегіндегі арыққа келіп, қисая тоқтапты.

 

 

«Газель» автокөлігі қаладағы дәрі-дәрмек тасымалдаушы компанияға тиесілі көрінеді. Абырой болғанда қақтығыс салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ. Тек Нексия автокөлігінің жүргізушісі жеңіл жарақат алды.