Шымкентте полиция қызметкерлерінің рейді жалғасуда. Таяуда Абай полиция бөлімінің қызметкерлері атышулы 8-шағынауданды тексерді. Бұл жолы құқық қорғаушылардың назарына пәтерін жалға берушілер емес, түн ішінде көше кезіп, сыра ішкендер ілінді.
Алдымен полиция бөлімінің басшысы қарамағындағы қызметкерлерге жұмыс істейтін бағыттарын түсіндірді. Бұл жолы басты назарда қоғамдық тыныштықты бұзып, көшеде ішіп алып жүретіндер болуы тиіс. Дегенмен, екі аттамай жатып-ақ пәтерді жалға алмақ болғандар кездесті.
[youtube]http://youtu.be/jjCnV-3CyhY[/youtube]
Бұл жас жігіт Оңтүстікке Қызылордадан келіпті. Айтуынша, еліне қайтарда көлік болмай қалып, пәтер жалдауға мәжбүр болыпты.
[youtube]http://youtu.be/azjfC0OCbsI[/youtube]
Мұнымен қоса түн ішінде көше кезіп жүргендер анықталды. Олардың кейбірінде жеке куәлігі жоқ болып шықты. Сондықтан, жеке бастарын анықтау мақсатында полиция бекетіне жеткізілді.
[youtube]http://youtu.be/n5Wf2tRX9go[/youtube]
Ал мына жігіт сыра ішіп, көшеде келе жатқан жерінен ұсталған. Өзінің ішімдік ішкенін мойындап отыр.
[youtube]http://youtu.be/X6ffk0PDQMg[/youtube]
Оның үстінен полиция қызметкерлері әкімшілік кодекстің 336-бабына сәйкес, яғни, қоғамдық орында мас болып жүргені үшін хаттама толтырды. Тәртіп сақшылары мұндай рейд алдағы уақытта да жалғасады деп отыр.