Қаламыздағы Абай атындағы орталықтандырылған кітапхананың кітап қоры 988-ге артты. Оның 878-і — қазақ тіліндегі кітап. Қалғаны орысша жазылған. Бұл үшін қазынадан 1 миллион 600 мың теңге қаржы қаралыпты. Бұған қоса соңғы 6 айда газет-журналдар үшін де жергілікті бюджеттен 500 мың теңге қаржы бөлініпті. Мұнда жалпы саны 223 дана басылым жеткізіледі.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0tzdXDfgDV0[/youtube]
Айта кетейік, бүгінде Абай атындағы орталықтандырылған кітапхананың кітап қоры — 118 368. Оның ішінде 31 375-і ғана қазақша. Қалғаны шет тіліндегі оқулықтар. Кітапхана қызметкерлерінің сөзіне сенсек, оқырмандар көбіне салалық кітаптарды сұрап келеді.
Гүлсім Шатырбекова, Абай атындағы орталық кітапхананың бөлім меңгерушісі: «Бүкіл жақсы кітаптың барлығы орыс тілінде шығарылады ма, сонда қазақ тіліндегісі қайда деген сұрақ туындап отырады баршамызда. Бірақ енді жағдай түзеліп келе жатыр, қазақ тіліндегі кітаптарды сұратып жатырмыз. Бұдан бөлек мұнай саласына қатысты, газға байланысты, технологияларға, техникаға, химия-биологияға қатысты салалық кітаптар бізде әлі де болса тапшылау. Оқырмандарға тауып бере алмай әлекке түсеміз.»